Референдумның алдын ала қорытындысы жарияланды

Рефрендумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 11 734 642 адамды құрады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 986 293 немесе референдумға қатысу азаматтар санының 68,06% құрады. Осылайша референдум өтті деп есептеуге болады, — деді Нұрлан Әбдіров.

Алдын ала нәтижелері бойынша сайлаушылардың 77,18%-і Конституцияға енгізілетін түзетулерді қолдап дауыс берді.

Еске салайық, 2022 жылғы 5 маусымда Қазақстанда Конституцияға түзетулер енгізуге байланысты жалпыхалықтық референдум өтті. Ел билігі Конституцияның үштен бірін яғни, 33 бапты өзгертуді ұсынды. Алайда бюллетенде «түзетулерді қолдайсыз ба?» деген бір ғана сұрақ болды.