Қазақстандағы референдум. Алғашқы exit poll нәтижелері

Конституцияға түзетулер енгізуге қолдағандар — 76,7%, қарсы 23,3% дауыс берді. Сауалнама нәтижелері бойынша азаматтардың 67,5%-і референдумға қатысқан, — деп хабарлады Социс-А жобасының жетекшісі Әлібек Тәжібаев.

Сонымен бірге «Демократия иституты» жүргізген сауалнаманың қорытындысы да шықты. 79,4% түзетулерді қолдаса, 20,6%-і «жоқ» деп дауыс берген.

Үшінші exit poll — «Қоғамдық пікір». Оның нәтижесі бойынша 74,8% референдумда «иә» деген жауапты таңдаған. Ал 25,2%-і түзетулерге қарсы болған.

Айта кетейік, орталық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 5 маусым 22.00-дегі жағдай бойынша референдумға азаматтардың 68,44 %-і қатысқанын хабарлады.

Референдумға қатысу белсенділігі Түркістан облысында жоғары. Мұнда тізімге енген азаматтардың 80,66%-і дауыс берген. Ең төмен көрсеткіш – Алматыда. Мұнда 33,30% референдумға қатысқан.

Еске салайық, 2022 жылғы 5 маусымда Қазақстанда Конституцияға түзетулер енгізуге байланысты жалпыхалықтық референдум өтті. Ел билігі Конституцияның үштен бірін яғни, 33 бапты өзгертуді ұсынды. Алайда бюллетенде «түзетулерді қолдайсыз ба?» деген бір ғана сұрақ болды.