Жаңа Зеландияда 200 дельфин жағалауға шығып қалды

Табиғи ресурстарды қорғау департаментінің қызметкері Майк Оугл Radio New Zealand радиостанциясына берген сұxбатында дельфиндердің жағаға шығып қалуына акула себеп болуы мүмкін екенін айтты.

«Дельфиннің бірінің денесінен акула тісінің ізі табылды. Ол сондай үлкен емес, кішкентай жарақат, бірақ жақында түскені байқалады, осы оқиғаның байланысы болуы әбден мүмкін», — деген Оугл.

Бұдан бұрын Оңтүстік аралда 400-ден астам қара гринд-дельфин жағаға шығып қалған еді. Көпшілігі қырылып, 100-ге жуығын еріктілер құтқарып қалған. Құтқарушылар қайықпен оларға ашық теңізге қарай дұрыс бағытты таңдауға көмектескен болатын.

Ресей Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) теңіз бағдарламасы басшысы Константин Згуровский бұдан бұрын РИА Новостиге берген мәліметінде дельфиндер сейсмикалық барлау немесе әскери кемелердің су асты акустикалық жүйелерінің дауысынан есеңгіреген басшыларының артынан еріп жағаға шығып қалуы мүмкін екендігін айтқан.

Жаңа Зеландияда мұндай жағдай жиі орын алуда. Ғалымдар оның әлі нақты жауабын таба алмай отыр. Әдетте, дельфин жағаға шығып қалса, оны құтқаруға тырысқан басқалары да жаға шығып қалып жатады.

ДереккөзInform.kz