Қазақстанда референдумға қатысқандар саны 65%-тен асты

Нұр-Сұлтан уақытымен 18.00-дегі жағдай бойынша азаматтардың 65%-тен астамы, яғни 7 миллион 624 мың 641 адам дауыс берген. Елде дауыс беруге құқығы бар 11,7 миллион адам бар.

ОРК мәліметінше, референдумға қатысу белсенділігі бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Мұнда азаматтардың 78,24%-і дауыс берген. Ең төмен көрсеткіш – Алматыда. Мұнда 29,82% референдумға қатысқан.

Заң бойынша, дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 50%-тен астамы бюллетень алса, референдум өткен болып есептеледі. ОРК мұндай көрсеткішке жеткенін түскі сағат екіде (53%) хабарлаған.

Келесі жедел ақпарат сағат 20.00-де беріледі.

Еске салайық, Қазақстанда Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум өтіп жатыр.

ДереккөзАзаттық