Қаза болғандардың тізіміне келсек, әрине, бұл жарияланады, бүкіл халыққа белгілі болады. Қаза тапқандардың арасында террористік жақты қолдағандар көп. Мемлекеттік жүйені бұзғысы келген адамдар. Бірақ мемлекетке қарсы ұйымдастырылған істерге қатысы жоқ адамдар да бар. Осыған байланысты, әрине, көңіл айтамыз және өкінеміз, — деді Тоқаев.
Алайда президент Қаңтар құрбандарының тізімі қашан жарияланатынын нақтылап айтпады.
Еске салайық, жуырда Азаттық радиосы Қаңтар оқиғасы құрбандарына арналған жобаны таныстырды. Микросайт күйіндегі бұл жобадан қаза тапқан азаматтардың дерегімен танысып, оқиғаның қалай өрбігенін оқып, қосар мәліметіңіз болса, редакцияға жолдауға болады.
