Президент: Қаңтар оқиғасын тергеуге халықаралық сарапшыларды шақырудың керегі жоқ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұны 5 маусымдағы рефрендумда дауыс бергеннен кейін журналистерге айтты.

Ол қаңтардағы дүрбелең кезінде айтқан «20 мың террорист» жайлы мәлімдемесіне түсініктеме берді.

20 мыңға қатысты, бұл цифрды құқық қорғау органының бұрынғы басшылары берген. Мәселе бүкіл ел жөнінде болған. 13 қалада бір мезгілде қоғамдық тәртіпті бұзу мақсатында билікке қарсы бандиттік шабуылдар жасалғанын білесіздер. Қазір 5,5 мың қылмыстық іс қозғалды, 500 қылмыстық іс сотқа жолданды, — Тоқаев.

Қоғамда Қаңтар бойынша істерді уәкілетті органдар өте мұқият, егжей-тегжейлі тергеп жатқанын айтты.

Барлық материалды бас прокуратура жариялайды, біздің қоғамнан жасыратын ешқандай құпиямыз жоқ. Барлығын ашық, жоғары кәсіби деңгейде жасаймыз. Сондықтан халықаралық сарапшыларды шақырудың қажеті жоқ деп ойлаймын, — деді ол.

Ол сотқа жіберілген 500 қылмыстық істің тек 23-іне түрме жазасы берілгенін және бұл оқиғаны тергеу өте мұқият жүргізіліп жатқанын білдіретінін айтты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да