Басты бет / Жаңалықтар /
31e237ffb1fbc3d16406051a9a03bd06 Министрлік TikTok компаниясына Қазақстанда өз өкілдігін ашуды ұсынды
Иллюстрация: Bbc.com

Министрлік TikTok компаниясына Қазақстанда өз өкілдігін ашуды ұсынды

Бұл туралы ол сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровпен және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өкілдерімен кездесу барысында мәлімдеді.

2018 жылы іске қосылған TikTok-тың халықаралық нұсқасы бір миллиардтан астам дүниежүзілік ай сайынғы аудиториясы бар жетекші жаһандық интернет-платформалардың бірі.

TikTok өкілдерінің айтуынша, бүгінде Қазақстанда ай сайын платформаны 7 миллионнан астам тіркелген пайдаланушы қолданып отыр. Компания әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда білім мен мәдениеттің дамуына ықпал ету саласында ауқымды жобаларды жүзеге асырып келеді.

Олег Соколов TikTok-тың Қазақстан аумағында ұлттық театрлар мен музейлерді ілгерілетуді қоса алғанда, платформаның мәдени-ағартушылық контентін күшейту ниетін атап өтті.

Қазақстанда компанияның өкілдігін ашу мүмкіндігін қарастыру керек. Компания еліміздегі бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын,- деді Алмас Айдаров.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook