Алматыда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік TikTok» байқауы өтті

Белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру және жастар арасында патриотизм рухын сіңіру еліміздің табысты болашағының кепілі.

Осыған байланысты, қала әкімдігі Алматы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік TikTok» конкурсын өткізді.

Конкурстың мақсаты адамгершілік қағидаттарды — парасаттылықты, адалдықты, жауапкершілікті азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын нығайтудың негізгі нысандары ретінде белсенді насихаттау, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қазіргі заманғы коммуникация құралдары арқылы қоғам санасына әсер ету болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта креативті бейне жасауға арналған конкурсқа қызығушылық танытып, Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттері арасында 15-тен астам адам қатысуға өтінім берді. Нәтижесінде байқау комиссиясы үздік жұмыстарды таңдап, жеңімпаздарды анықтады.

Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұрат байқау қорытындысын жария етіп, естелік сыйлықтар табыс етті.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы қатысушыларды бірнеше номинацияда бағалады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да