Мемлекет басшысы ел тарихына арналған TikTok жоба құру идеясын қолдады

Балаларды өнер мен мәдениетке тарту тұрғысынан өте қызықты ұсыныс айттыңыздар. Мен бұл ойды қолдаймын және облыс әкімдеріне жүгінемін. Шынында да, балалар халық театрларының ашылуы сияқты жұмыстарды бастауға тырысумыз керек. Біздің балалардың арасында таланттар өте көп. Кеше ғана мен Жезқазғанда болып, балалардың өнердің барлық түрімен шұғылданатынын, оның ішінде домбыра құлағында қалай ойнайтынын көрдім. Бұл керемет. Біз мұндай балаларға қолдау көрсетуге тиіспіз,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ел тарихы туралы рухани жоба құру туралы ұсынысты құптады.

Аймақтың тарихы бойынша TikTok жобасын құру туралы ұсынысты қолдаймын. Шынында да, бұл — өте жақсы жоба, қазір жастар негізінен Instagram мен TikTok-та, бұл — біздің өміріміздің шындығы. Бұл шындыққа тура қарайық және балаларымыздың тәрбиесі мен мәдениетіне оң әсер етейік , — деді президент.