Ақпаратқа сәйкес, Алматының Түрксіб ауданының аумағында орналасқан бірқатар тұрғын үйге және өзге де ғимараттарға ыстық су беру шектеледі:
- 6 мен 17 маусымда аралығында Лавренев-Дөңентаева көшелері шаршысында; Жұлдыз-2 ықшам ауданы;
- 6-20 маусым аралығында Баймағамбетов-Монтажная-Федосеев көшелері шаршысында;
- 6 мен 27 маусым аралығында Лавренев-Дөңентаева-Соболев-Зимняя көшелері шаршысында; Гете Новосибирская-Майлин-Заславский көшелері; Бекмаханов-Свободная — Сүйінбай көшелері;
- 6 мен 28 маусым аралығында Собинов-Монтажная-Поддубный-Беринг көшелері шаршысында.
Шектеулер «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, — делінген хабарламада.