Шымкентте 6 ауданға жарты жыл бойы ыстық су берілмейді

Бұл туралы Otyrar.kz сайты хабарлады.

Тұрғындарға алдын ала Аристон су жылытқышын сатып алу және орнатуды ұсынды.

Восток, Север, Отырар, 16, 17 және 18 шағын ауданның тұрғындары су жылытқышқа ауысады. Бұл аудандарды тозығы жеткен «3-Энергорталык» қазандығы ыстық сумен қамтамасыз ете алмайды. Шымкенттің жаңа шағын аудандарына су беру оразаның соңына дейін тоқтатылмайды.

Тұран, Шымсити ықшам аудандарында ыстық су өшірілмеді, қаланың жартысында ыстық су бар. Жылыту маусымынан кейін тексеріс жүргізгіміз келді, бірақ халық ораза кезінде ыстық суды өшірмеуді өтінді. Сондықтан ораза кезінде барлығында ыстық су өшірілмеді, — деді Шымкент энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Боранбай Болатбеков.

Хабарламаға сәйкес, ыстық сумен қамтамасыз ету экономикалық тұрғыдан тиімсіз, сондықтан тұрғындар жылыту маусымының басталуын күтуге мәжбүр.

Қаланың ескі бөлігі ЖОЭ-ға қосылған, ол жерде ыстық су беру экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Онда диаметрі 1 000 құбыр бар, суды жылыту шығын әкеледі. Қаланың ескі бөлігінде жазда ешқашан ыстық су болмаған, — дейді Боранбай Болатбеков.