Жүргізуші куәлігі жоғалса немесе ұрланса, не істеу керек?

Егер жүргізуші куәлігі (ЖК) ұрланса, ұрлық туралы өтінішпен полицияға жүгіну керек, онда тиісті анықтама беріледі. Бұл куәлікті қалпына келтіру үшін қажет болады.

«Мысал ретінде айтатын болсақ, жеке куәліктер жиі ұрланады, себебі біз барлық құжаттарымызды бір әмиянға салып жүреміз (бұлай істеуге мүлдем болмайды!). Ең алдымен, жеке куәлігіңізді қайта жасату керек, өйткені ол құжатсыз сіз жүргізуші куәлігін ала алмайсыз. Егер тек жүргізушілік құжатты ғана жоғалтып алсаңыз, мұндай анықтама қажет емес»,-делінген хабарламада.

Сонымен, ЖК-ні қалпына келтіру үшін мамандандырылған ХҚКО-ға немесе әкімшілік полицияның емтихан-тіркеу бөліміне жүгіну керек. Жоғалу себебіне байланысты ЖК алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) ЖК алуға толтырылған бланк (өтініш) ‒ Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында (МХҚКО) ол қажет емес, өйткені оны МХҚКО қызметкері автоматты түрде толтырады;

2) жеке басты куәландыратын құжат;

3) мекенжай анықтамасы ‒ МХҚКО-да ол да қажет емес, өйткені сұрау салу автоматты түрде өңделеді;

4) медициналық анықтама және оның көшірмесі (Астананың МХҚКО-да медкомиссияны сол жерде өтуге болады);

5) мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат (түбіртек, қазіргі уақытта ЖК беру үшін төленетін мемлекеттік баж сомасы 2836 теңгені құрайды).

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін Қазақстан Республикасы СІМ-нің дипломаттық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы қосымша болу керек.

«Құжаттарды тапсырғаннан кейін, сізге уақытша ЖК беріледі, ол берілген күнінен бастап бір ай ішінде жарамды болады. Бұл ретте (егер сұрау салулар жіберу немесе оларға жауаптар алу, жүргізуші куәлігін жоғалтып алумен байланысты барлық жекелеген мән-жайларды анықтау үшін қосымша уақыт қажет болса) оны қосымша тағы бір рет отыз тәулікке ұзартуға болады, оны Тіркеу-емтихан қабылдау бөлімі (ТЕБ) бастығы жүргізеді»,-дейді комитет мамандары.

Көрсетілген мерзім аяқталған соң, жаңа жүргізуші куәлігі беріледі, оған «Жоғалғанның орнына» деген белгі жасалады. Жоғалған, ұрланған, сондай-ақ жарамсыз болып қалған куәліктің орнына басқа ЖК алу кезінде емтихан тапсырылмайтынын есте сақтау керек!

Алайда бұл жоғалған ЖК-ның қолданылу мерзімі өтпеген жағдайға қатысты. Егер жоғалтқан ЖК-ның қолданылу мерзімі өтіп кетсе, онда Жол қозғалысы ережесі бойынша емтихан тапсыру арқылы біліктілікті растау керек болады. Сонымен қатар уақытша ЖК жоғалған кезде жаңа ЖК теориялық және тәжірибелік емтихандар тапсырусыз беріледі. Сонымен қатар, ЖК шет мемлекеттердің жоғалған жүргізуші куәліктерінің орнына берілмейді. Кейіннен табылған ЖК жаңа жүргізуші куәлігі берілген сәттен бастап өзінің заңдық күшін жоғалтады және олар жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға белгілеген тәртіппен жою үшін міндетті түрде ТЕБ-ке тапсыруға жатады.

ДереккөзInform.kz