Алматының кейбір аудандарында электр жарығы сөнеді

Бұл  туралы «Алатау Жарық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

1 маусымда жоғары вольтты желідегі апатты жөндеу жұмыстарына байланысты сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Шаңырақ-2 шағын аудандағы Әубәкіров көшесіндегі, Жалаңтөс баһадүр көшесіндегі, Қаракемер көшесіндегі және Көк-Қайнар шағын ауданыныңы Абай көшесіндегі тұрғын үйлердің 1131 абонентінде электр жарығы болмайды,- делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 2 маусымда дәл осы уақытта Шаңырақ-2 (Жанқожа батыр көшесі, 209-586) және Шаңырақ-1 (Өтемісұлы к-сі 108-217) шағын аудандарындағы тұрғын үйлерде электр жарығы болмайды. Жоғары вольтты желідегі апатты жөндеу жұмыстарына байланысты 701 абонентте электр жарығы өшіріледі.