Семейде 86 жастағы жүргізуші жедел жәрдем көлігімен соқтығысты

2022 жылдың 30 мамырында сағат шамамен 12.30-да KIA автокөлігінің 86 жастағы жүргізуші Алтай көшесінен Морозов көшесіндегі басты жолға шығып бара жатып, бұрылу кезінде жедел медициналық жәрдем көлігіне жол бермей, соқтығысып қалды, — делінген хабарламада.

Апат салдарынан төрт адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Олардың барлығы оқиға орнында дәрігерлердің қарауынан кейін ауруханаға жатқызылды.

Сотқа дейінгі тергеу басталып, бірқатар сараптама тағайындалды. Олардың қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Оса Семей (@oo_osa_semey_vko)