Түркістан облысында дәрігерлерден ақша бопсалаған екі күдікті ұсталды

Оған арнайы жасақ та тартылды. Бірлескен іс-қимылдың нәтижесінде дәрігерлерден миллиондап ақша бопсалаған екі күдікті ұсталды.

Мақтаарал және Жетісай аудандарының екі тұрғыны дәрігерлерден ақша бопсалауда бір әдіс-тәсілді ғана қолданған. Алдымен халық арасында ауруханадағы қаржылық тәртіп бұзушылықтар туралы жалған ақпарат таратқан. Кейін тексеріс жібереміз деп қорқытқан. Осылайша, бірнеше мекемеден қыруар ақша жинаған,- делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, екеуі тағы бір ауруханадан 32 миллион теңге талап еткен. Бірақ медицина қызметкерлерінің біреуі полицияға арыз жазған. Ол да әлдебіреулер ауруханаға кір келтіретін мәліметтерді таратып, артынан тексеріс ұйымдастырамыз деп қорқытқанын айтқан.

Арнайы операция кезінде күдіктінің біреуі Жетісайдағы дәмханада ақша алу үстінде ұсталды. Ал екіншісі Шымкентте қолға түскен. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Сотта олардың кінәсі дәлелденсе, әрбіреуі 7-15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мүлкі де тәркіленеді,- делінген хабарламада.