Түркістан-Мақтаарал: 5 жылда аудандағы ауызсу мен тұрғын үй мәселесі шешіледі

Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, негізгі 7 басымдыққа тоқталды. Ондағы белгіленген межелер мен алға қойылған міндеттерді бірігіп жүзеге асыруға, ол үшін 10 қаңтарда өтетін сайлауда жарқын болашақтың кепілі болған «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Ал, Бескетік елді мекеніндегі қандастар аудандағы сапалы таза ауыз су, қолжетімді мемлекеттік баспана мәселелері жайында сөз қозғады.

Айтылған ұсыныстарға байланысты алдағы 5 жылда атқарылар істердің жоспарымен бөліскен кандидаттар тұрғындарға қолайлы жағдай жасауды партия өзінің күн тәртібінен түсірмейтінін айтады.

Nur Otan, Мақтаарал ауданы
Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Nur Otan партиясы 2025 жылға қарай аудан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуді жоспарлап отыр. 200-ден астам адам тұратын ауылдарда орталықтандырылған су құбырлары салынып, қалғандарында сумен жабдықтаудың жергілікті көздері (кешенді модульдер блогы) орнатылады.

Нәтижесінде орталықтандырылған сумен жабдықтаумен 68 ауылда тұратын 133 472 тұрғын қамтылады. 29 ауылда ұңғымалар орнатылады, бұл 42 424 адамды қамтуға мүмкіндік береді.

Бұл бағытта Nur Otan партиясы 2021 жылы – 4, 2022 жылы – 8, 2023 жылы – 9, 2024 жылы – 8 елді мекендерде сумен жабдықтау желілерін қайта жаңартып, тозығы жеткен ауыз су ұңғымаларын қайта қазуға, құбырларын жаңартуға ықпал етеді. Нәтижесінде, 2025 жылға қарай аудан тұрғындары сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, партия «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 50 көпбалалы отбасылар үшін тұрғын үй беруге, 2021-2025 жылдар аралығында Мырзакент кентінен 30 гектарға жуық жерге 3 қабатты 1200 пәтерлі тұрғын үй құрылысын салуға, жеке инвестицияларды тарту есебінен жастарға және әлеуметтік жағдайы төмен топтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге ықпал етеді. Осылайша кезекте тұрған 153 отбасы, оның ішінде жастар мен әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға тұрғын үйлер беріледі деп жоспарлануда.

Болашақты бағамдап, қабылданған басымдықтарға оң бағасын берген Бескетіктің тұрғындары «Nur Otan»-ды қолдап, дауыс беруге уәде етті.

Ескерту: Nur Otan партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорының қаражатынан төленді.