Тоқаев Бішкектегі Абай ескерткішінің ашылуына барады

Мемлекет басшысы Бішкектің орталығында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының ескерткішін ашу жөніндегі шешімі үшін Садыр Жапаровқа алғыс білдірді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ал Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда Манасқа ескерткіш қойылатынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен бірге Қазақстанның сегіз жоғары оқу орны Қырғызстанда өкілдіктерін ашуға ниет білдіріп отырғанын атап өтіп, қырғыз студенттері үшін бөлінетін квоталардың саны 50-ге дейін көбейгенін жеткізді.

Еске салайық, былтыр Садыр Жапаров Қазақстанға келгенде Қасым-Жомарт Тоқаевпен Қырғызстан астанасы Бішкекте Абай Құнанбайұлына, ал Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда Манас пен Шыңғыс Айтматовқа ескерткіш қою туралы уағдаласып еді.