Ең алғашқы смайлик қашан пайда болды?

Ең алғашқы смайликке ұқсас сызба табылғаны туралы ақпаратты Словакия Ұлттық мұрағатының директоры Петер Бриндза Barcroft арнасына берген сұхбатында мәлімдеген.

Смайликті 1635 жылы бірінші рет словакиялық қорғаушы Ян Ладислаидес өрнектеген екен. Ян құжаттарының барлығында кішкентай дөңгелек жасап, ішіне екі нүкте мен көлденең сызықша қойып отырған.

смайлик Словакия

Ғалымдар зерттей келе, бұл сурет автордың құжатқа қатысты эмоциясын білдіретін (куәландыратын) сурет екенін анықтаған.

Қазір осыған ұқсас смайликтер интернетте хат алмасу кезінде қолданылып жүр.

ДереккөзBaq.kz