Биатлоннан Қазақстан құрамасы допинг дауына ілікті

Белгісіз спортшылар жергілікті жанармай құю бекеттерінің біріне медициналық заттар қалдығы бар қораптар мен жарыс құжаттарын тастап кеткен. Аустрияның допингке қарсы Ұлттық орталығының (Австрия NADA) жүргізген сараптамасының нәтижесінде, табылған заттар Қазақстан делегациясына тиесілі екендігін анықталды.

Осыған қатысты, Аустрияның 30-ға жуық полиция өкілдері Қазақстан спортшыларын тексеріп, әр түрлі медициналық құралдар мен ұялы телефондарды тәркілеген.

Қазақстан құрамасының барлық спортшыларынан қан-сынамалары алынды.

ДереккөзSport-express.ru