Қырғызстанмен шекарада миллионнан аса жалған акциз маркасы тәркіленді

Бұл туралы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.

Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болуына байланысты бұл іс бойынша материалдар Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.

Сонымен қатар аталған көліктен 2 мыңнан астам декларацияланбаған тауар (бейнебақылау жүйесі, киім-кешек және спорттық құрал-жабдықтар) табылды.

Қаржы министрлігі Қырғызстан тарапынан тасымалданатын жүктерге электронды шот-фактура беру бойынша қол жеткізілген келісімдер экспортталатын тауарларды көлеңкеден шығаруға және соның нәтижесінде Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің бақылау шараларын әлсіретуге бағытталғанын атап өтті.

Сонымен қатар Қырғыз Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің қара ниетті қатысушылары қол жеткізілген келісімдерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасына декларацияланбаған, контрафактілік жүктерді әкелу үшін өздерінің «сұр» схемаларын қолданады, — делінген министрліктің хабарламасында.

Сонымен қатар бақылаудың әлсіреуіне байланысты заң бұзушылықтар айтарлықтай өсті және Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен Ресей Федерациясына өтуге тиіс тау-кен техникасы мен электронды темекілерді әкелу фактілері жиіледі.

Айта кетері, кәсіпкерлік субъектілерінің мұндай әрекеттері ЕАЭО-дағы серіктес елдердің бюджетіне зиян келтіреді, сондықтан бақылау күшейтіледі.