Басты бетҚоғамШымкенттегі жарылыстан...

Шымкенттегі жарылыстан опат болған күзетшінің артында жүкті әйелі қалды

Оқиға орнында күзетші қайтыс болды. Туыстарының айтуына қарағанда, ол 3 ай бұрын үйленген, әйелі жүкті.

Күзетшінің еден, қалай қайтыс болғанына келсек, кеше қылмыстық іс қозғалғанын білесіздер, тергеу бойынша біз артық ақпарат бере алмаймыз. Кейінірек сот-медицина сараптамасынан кейін айтамыз, — деді Марат Пәшімов.

Түркістан облысы әкімдігі жерлеу рәсіміне және материалдық өтемақының барлық шығынын өз мойнына алды. Алайда облыстық денсаулық басқармасы қанша қаражат бөлінгені туралы айтпады.

Біз бірден күзетшінің туыстарына бардық, өйткені біздің қызметкеріміз. Мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін қызметкердің бәрі сақтандырылған, ол жұмыс орнында болды, сақтандыру компаниясы төлемдермен айналысады. Түркістан облысының әкімдігі барлық шығынды өз мойнына алады. Оның кредиті бар екен, біз оны жабуға да көмектесеміз. Кеше туыстарына мұның бәрін айттық, — деді Түркістан облысының бас дәрігері.

Еске салайық, кеше, 21 мамырда Шымкенттегі перзентхана маңындағы дәріханада жарылыс болды. Жарылыс салдарынан 18 күн бұрын туған үшемнің бірі, 1979 жылы туған күзетшінің және 1980 жылы туған «АвтоРемСтрой» құрылыс компаниясының қызметкері қайтыс болды.