Шымкент перзентханасы маңындағы жарылыстан бір адам қаза болды

Бүгін 12:06-да 102 телефонына Ғани Иляев көшесіндегі жарылыс туралы хабарлама келіп түсті. Жарылыс кесірінен дәріхана ғимараты қираған, онда тұзды ерітінді өндіріледі. Жарылыс салдарынан пайда болған өртті төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері толығымен өшірді, — делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.

Әзірше толық емес мәлімет бойынша жарылысқа газдың жиналуы себеп болған.

Күзетші қаза тапты. Басқа зардап шеккендер жоқ. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, — делінген хабарламада.