Қытайға кіру үшін енді саусақ ізін тапсыру керек

Саусақ ізін 14 жастан 70 жасқа дейінгі барлық шетелдік азамат тапсырады. Бұл санатқа тек шетелдік дипломаттар ғана кірмейді екен. Бұл ереже, ең алдымен, Шэньчжэнь қаласының халықаралық әуежайында қолданысқа енгізілмек. 10 ақпаннан бастап бұл әуежайда шетелдіктер саусақ ізін тапсыра бастайды.

Ал 2017 жылдың соңына дейін бұл ереже барлық шекара бекітінде күшіне енеді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта әлемнің көптеген елінде саусақ ізін тапсыру тәжірибесі кең таралған.

ДереккөзBaq.kz