Түскі ауысымда оқитын 1 — 4-сынып оқушыларына сабақ болмайды

Астана әкімдігінің баспасөз қызметі бастауыш сынып оқушыларына сабақ болмайтынын ескертті.

Хабарламада: «Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанада екінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды» — делінген.

Айта кетейік, республиканың бірқатар аймағында төменгі ауа температурасы сақталатындығы хабарланды.

Бүгін және ертең Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін барады. Облыстың оңтүстік-батысында кей уақытта 30 м/с-қа дейін күшейеді. Таулы және тау бөктері аудандарында жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұма түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады деп болжануда.

Сондай-ақ, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір аудандарында оңтүстік-батыс, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28, кей уақытта 30 м/с дейін күшейеді.

Ал Қызылорда облысында ауа температурасы күрт төмендеп, түнде 20-25, кей жерлерде 10-15 градус аяз болады деп күтілуде.

ДереккөзBaq.kz