Қостанайда алапат өрт болды: 11 үй жанып кетті

Жергілікті «Қостанай жаңалықтары» басылымының хабарлауынша, сағат 17:23-те Қостанайдың шетінде Тобыл өзенінің бойындағы қамыстан өрт шыққан.

Қатты желдің салдарынан от Набережный көшесіндегі тұрғын үйлер мен ауладағы құрылыстарға тарады.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, өрттен 11 үй, 6 шаруашылық қора-жай және 4 көлік (оның біреуі жүк көлігі) толығымен жанып кетті. 2 үй бүлінген, зардап шеккен құрылыстардың жалпы аумағы – 1 000 шаршы метр.

Қатты жел мен түтін, сонымен қатар үйлер мен қора-жайлардың жақын орналасуы өртті сөндіруге кедергі келтірген. Қызыл жалын сағат 21:24-те толығымен сөндірілді.

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. 25 адам эвакуацияланған. Қостанай әкімдігі тұрғындарды «Дружба» профилакториясына орналастырды. Алдағы уақытта оларға көмек көрсетіледі. Өрттің себебі мен шығыны анықталып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да