Тоқаев Жеңіс күніне орай бірқатар мемлекет басшыларына құттықтау жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысының 77 жылдығына орай Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан президенттеріне және үкіметтерінің басшыларына құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан президенті өз құттықтауында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне алғысын жолдап, оларға зор денсаулық, ұзақ өмір және құт-береке тіледі.