Жанболат Жөргенбаев сенат депутаты ретінде ант берді

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, — деді Жанболат Жөргенбаев.

Жалпы отырыста палата депутаттары Жанболат Жөргенбаевты аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту тұрақты комитетінің құрамына сайлады.