Мәжіліс референдум туралы заң жобасын қабылдады

Жоба республикалық референдумды өткізу кезінде қолданылатын сайлау бюллетеньдері нысанын сайлауда қолданылған бюллетеньдермен сәйкестендіру мақсатында әзірленген. Заң жобасында республикалық референдум кезінде сайлау бюллетеньдеріне қойылатын талаптарды реттейтін нормалар бар, бұл азаматтардың дауыс беру процесінде қолайлы жағдай туғызады. Комитет заң жобасын қарауға дайын, — деді депутат Арман Қожахметов.

Еске салайық, 29 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынды.