Қаңтар оқиғасы бойынша 721 күдіктінің 281-і қамауда отыр

Жалпы ел бойынша қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру және оған қатысу бойынша 721 адам күдікті деп танылды. Оның ішінде 281 адам қамауда отыр. Алматыда 82, Шығыс Қазақстан облысында 35, Жамбыл облысында 44, Шымкентте 43, Қызылорда облысында 36, Атырау облысында 14, Алматы облысында 5, Ақтөбе облысында 4 адам қамалған, — деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сонымен қатар ол Шығыс Қазақстан облысында экстремистік топ мүшесі Семейдегі тәртіпсіздікке қатысқанын айтты.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы қирату, мүлікті жою және Семей әкімдігін басып алу әрекеттеріне қатысушыны анықтады. 5 қаңтарда аталған қылмыскер Семей әкімдігінің ғимаратының алдында бір топ адаммен бірге «Газель» маркалы полиция автокөлігін аударып тастаған. Өзінің әрекетімен ол басқа адамдарды баурап алып, әкімдікті басып алуға шақырған. Осы өңірде бұрын сотты болған экстремистік ұйымның мүшесі, қаңтар оқиғасының басқа қатысушысы анықталды. Ол дауыс күшейткіш көмегімен Семей тұрғындарын қосылуға шақырған және қала әкімдігін басып алуды ұйымдастырушылардың бірі болған. Оның әрекеттері видеода жазылған және тәртіпсіздіктердің басқа да қатысушылардың жауаптарымен расталады, — деді Елдос Қилымжанов.