Думан Таев Ақмола облысының полиция департаментін уақытша басқарады

Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция полковнигі Думан Таев Ақмола облыстық полиция департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы қызметіне тағайындалды, — делінген хабарламада.

Думан Таев 1967 жылы 13 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары болды. Одан кейін ішкі істер министрлігі криминал полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды.