СҚО-да белгісіз біреу зейнеткердің 19 миллион теңгесін тартып алды

Полиция қызметкерлері оқиға 21 желтоқсанда кешке Солнечный ауылындағы Тенистой көшесіндегі бір үйдің маңында болғанын мәлімдеді. Тәртіп сақшылары бұзақыны іздестіріп жатыр.

Жәбірленуші қылмыскердің бет-әлпетін есіне түсіре алмағанын, бірақ бойы шамамен 170 сантиметр болатынын, беліне дейін күртеше кигенін айтты.

Бұл дерек қылмыстық кодекстің 191-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы «Тонау» бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазір күдіктіні анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр; криминалдық полиция бөлімшелерінің тәжірибелі қызметкерлерінен тұратын алты топ құрылды, учаскелік инспекторлар мен патрульдік полиция жасақтары жұмылдырылды. Оқиға болған аудан аулаларын аралау жұмыстары жүргізіліп жатыр, жәбірленуші қай аралықта жүретіні пысықталады, — деді ведомство өкілі.

  • Полиция қызметкерлері қылмыс туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан бөлімшеге хабарлауды сұрайды.