Елімізде депозиттер бойынша ең жоғарғы мөлшерлеме өсті

Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

3 және 6 айға арналған мерзімсіз, мерзімді және жинақ депозиттер, сонымен қатар 12 және 24 айға арналған мерзімді депозиттер бойынша максимал мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды және мамырдағы деңгейде сақталды,- делінген хабарламада.

Ұлттық қордың мәліметінше, 12 және 24 айға арналған жинақ депозиттер бойынша максимал мөлшерлемелер депозит нарығының осы сегментінде орташа өлшемді мөлшерлемелердің өсуіне байланысты сәйкесінше 0,1% тармаққа және 0,2% тармаққа жоғарылаған.