Солтүстік Қазақстанда жер үй өртеніп, 4 адам қайтыс болды

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, қайғылы оқиға 29 сәуір сағат түнгі 03:28-де Ақжар ауданы Май ауылында болды. Өрт сөндірушілерге жер үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.

Ауылға ең жақын өрт сөндіру бөлімі 53 шақырым жерде орналасқан. Көршілердің айтуынша, өрт кезінде үйде адамдар болған.

Өрт сөндіру бөлімшесі келген сәтте үй ашық жалынмен жанып жатқан. Олар келгенге дейін жергілікті тұрғындар 1963 жылғы әйелдің денесін тауып, сыртқа шығарған. Өртті сөндіру кезінде үш ер адамның мәйіті табылды: 1958 жылғы үй иесі мен оның 1975 және 1967 жылғы қонақтары, — делінген хабарламада.

өрт
Фото: СҚО төтенше жағдайлар министрлігі