Президент ұлттық құрылтай отырысын жариялады

1 айдан кейін жаңа диалог алаңының алғашқы отырысы — ұлттық құрылтай өтеді. Құрылтай ел дамуының өзекті мәселелерін талқылау үшін қоғамды жұмылдыруға арналған,- деді президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, ол жалпыұлттық диалогтың әмбебап моделіне айналады.

Құрылтай құрамына депутаттар, ассамблея мүшелері, сарапшылар мен құқық қорғаушылар, барлық өңірдің, сонымен қатар азаматтық альянстың, қоғамдық кеңестердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-қауымдастықтардың және өндірістік саланың өкілдері кіреді,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.