Зәкіржан Күзиев ҚХА атынан мәжіліс депутаты болып сайланды

Орталық сайлау комиссиясы саяси доданың алдын ала нәтижесін жариялады.

Оған сәйкес Закіржан Күзиев 60,94% дауыспен жеңіске жеткен. Оның қарсыласы Виталий Тварионасқа сайлаушылардың 30,12% дауыс берген. Сайлауға бас-аяғы 425 адам қатысты.

Зәкіржан Күзиев 1969 жылы 30 қаңтарда Алматыда дүниеге келген.

Еңбек жолы:

  • «Ремстройтехника» өндірістік бірлестігінде 5-разрядты ағаш ұстасы-слесарь (1990-1991);
  • Шағын өндірістік коммерциялық кәсіпорынның «Төрт және К» құрастыру жұмыстарын қадағалау бөлімінің нұсқаушысы (1991-1992);
  • «Бірлік» БАҰО директорының орынбасары (1992-1993);
  • «Назигум» шағын жеке кәсіпкерлігінің директоры (1993-1996);
  • «Универсал» АҚ президенті (1996-1999);
  • «Универсал» ЖАҚ директоры, бас директоры, «Бент-Анак» БК бас директоры (1999-2005);
  • «Жаркент крахмал зауыты» ЖШС бас директоры (2005-2008);
  • «Универсал» ЖШС президенті, бас директорының кеңесшісі (2008-2010);
  • «Жаркент крахмал зауыты» ЖШС құрылтайшысы (2005 жылдан), «Жаркент крахмал зауыты» ЖШС, «Универсал» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы (2016 жылдан) болды.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының ХХХ сессиясы аясында мәжілістің шығып қалған депутатының орнына ҚХА атынан ұсынылатын депутатты сайлауға қатысып, дауыс берген еді.