Тоқаев ассамблея атынан ұсынылатын мәжіліс депутатын сайлауға қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының ХХХ сессиясы аясында ҚР парламенті мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына ҚХА атынан ұсынылатын депутатты сайлауға қатысып, дауыс берді, — делінген хабарламада.

Фото: Akorda.kz

Президент дауыс бергеннен кейін депутаттыққа үміткерлердің сенімді өкілдерімен әңгімелесті. Мемлекет басшысы алдағы уақытта Конституцияға өзгеріс енгізілетіндіктен мұндай форматтағы сайлау соңғы рет өтіп жатқанын айтты.

Бірақ біздің парламентте Қазақстан халқы ассамблеясының тиісті орындары сақталады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған жолдауында Конституцияға өзгертулер енгізуді ұсынған еді. ҚХА квотасы мәжілістен сенатқа ауыстырылып, депутат саны 9-дан 5-ке дейін қысқарады.

Фото: Akorda.kz