Басты бетЖаңалықтарКаспий теңізінің...

Каспий теңізінің жағалауынан 94 өлі итбалық табылды

Балық шаруашылығы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы, Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті, ветеринарлық қызмет және жергілікті атқарушы орган өкілдері тексеру жүргізіп жатыр.

Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін балық қорғау инспекторлары бірнеше итбалықты, теңіз суы мен топырақтан сынама алды.

Инспекция қызметкерлері жануарлардың өлу себебін анықтау үшін сынама алу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Қазіргі уақытта өлген жануарларды тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Жағалаудағы зерттеу жұмыстары жалғасады, су мен топырақ сараптамасының нәтижелері дайын болғанда толық хабарланатын болады, — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Каспий теңізінің қазақстандық жағалауында итбалықтың ең көп қырылу дерегі саны соңғы 5 жылда орын алған. 2017 жылы Маңғыстау облысындағы Форт-Шевченко қаласының ауданында итбалықтардың 247 өлігі табылған, алайда қырылу себебін анықтау мүмкін болмаған.

Осыған дейін Маңғыстауда итбалықтардың қырылуына байланысты зерттеу жүргізілетіні хабарланған болатын.