Парламент таратыла ма? Мәжіліс төрағасы жауап берді

Әзірге ондай мәселе талқыланып жатқан жоқ. Бірақ мен президент саяси реформаларды жариялағанын айта аламын. Біз тиісті конституциялық және өзге де заңдарды жыл соңына дейін қабылдауымыз керек. Әзірге ондай мәселені талқылаған жоқпыз, — деді мәжіліс төрағасы.

Мәжіліс спикері өзі төрағалық ететін Amanat партиясының саяси науқандарға дайын екенін айтты.

Кез келген партия саяси күреске дайын жүруі керек. Ертең сайлау жарияланса, әрине, біздің партия дайын, — деді Ерлан Қошанов.