Еліміздегі мектептерде әр сыныпқа Wi-Fi орнатылады

«Бүгінде интернет көп мектептерде бар. «Сандық Қазақстан» аясында біз осы мәселені қарастырдық. Тағы бір маңызды жағдай — әр сыныптағы Wi-Fi ішкі желісі. Біз Қазақстанның барлық мектептерін құрылымды кабелді жүйемен қамтитын ірі жоба бастамақпыз. Бұл жұмыстарды атқару үшін студенттерді жұмысқа тарту ойда бар. Ол үшін алынатын қажетті құрылғылар қымбат тұрмайтынын атап өту керек», деді білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Сондай-ақ, барлық орта мектептерде оқулықтарды, аяқ киім мен спорттық жабдықтарды сақтау үшін мектеп оқушысын жеке шкафпен қамтамасыз ету жобасы да қарасытырылып жатыр.

«2017 жылға берілген бюджетте мектептердің 50%-ын сапалы ауыз сумен қамту қарастырылған», деді Ерлан Сағадиев.

ДереккөзEgemen.kz