Жансая Әбдімәлік Алматы шахмат федерациясының президенті болды

Ұйым Алматының шахматшылар одағынан кері қайтарып алынғаннан кейін аккредитацияға ие болды және мегаполисте шахмат мәдениетін дамытатын болады.

Федерация мен оның президентінің мақсаты – Алматыны әлемдік шахмат орталықтарының біріне айналдыру және еліміздің басқа шахмат федерациялары үшін үлгі көрсету.

Федерацияның 2024 жылға дейінгі жоспарында – төрт негізгі бағытты дамыту: қала тұрғындары арасында бұқаралық спорт, мектептегі білім берудегі шахмат, жоғары жетістіктер спорты, сонымен қатар ардагерлерді қолдау, – деді Жансая Әбдімәлік.

Жоспарға сәйкес, Алматы мектептерінде шахмат сабақтарына арналған кабинеттер жабдықталады, мұғалімдер мен оқушыларға арналған арнайы оқыту бағдарламалары, әдістемелік құралдар әзірленеді.

Мектеп лигасына қатысу үшін командалар құрылады. Мұндай тәжірибе Ұлыбританияда, АҚШ-та, Түркияда бұрыннан қолданылып келеді.