Президент шахматтан әлем чемпионы атанған Бибісара Асаубаеваны құттықтады

Бибісара Асаубаеваны блиц бойынша өткен әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын. Бұл керемет жетістік барша қазақстандық үшін, әсіресе шахмат әуесқойлары үшін Жаңа жыл қарсаңындағы жағымды жаңалық болды. Бибісараның табыстан табысқа жете беруіне тілектестік білдіремін!, — делінген президенттің Twitter-парақшасында.

Фото: Instagram.com/fide_chess

Еске салайық, 17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионы атанғанын хабарлаған едік. Бұл ересектер арасындағы шахматтағы Қазақстанның алғашқы алтыны.