«Алдымен Елбасының биылғы Жолдауын іске асыру бойынша жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын қараймыз. Ал күн тәртібіндегі өзекті мәселе – жер қатынастары туралы заңнаманы жетілдіру. Өткен жылы осы заңның кейбір баптары қоғамдық резонанс тудырғанын барлығымыз білеміз. Осыған байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев заңды қабылдауға мораторий жариялады. Оны реттеуді жер реформасы бойынша құрылған комиссияға тапсырған болатын. Бүгін өзгерістерді қарап, тиісті шешімдер қабылдауымыз керек», — деді ол.
Бақытжан Сағынтаев аталмыш мәселеде Жер комиссиясы мүшелерінің пікірі ескерілетіндігін атап өтті.
«Осы сұраққа байланысты Жер комиссиясының бірнеше мүшесін шақырып отырмыз. Осы азаматтардың пікірін тыңдап, шешім қабылдаймыз», — деп түйіндеді сөзін Премьер-министр.