Ақтөбе әуежайы жұмысын қайта бастады

Әуежай ұшу-қону жолағының ақауларына байланысты 17 наурыздан бастап жөндеуге жабылған болатын.

Қазақстанның авиация әкімшілігінің шешімімен 15 сәуірден бастап Ақтөбе қаласының халықаралық әуежайында жасанды ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру кезеңінде белгіленген барлық шектеу алынып тасталады. Осыған байланысты әуежай шектеусіз тәулік бойы жұмыс режиміне ауысады. Жақын арада барлық ішкі және халықаралық рейс қалпына келтіріледі, — делінген хабарламада.

«Қазақстанның авиация әкімшілігі» АҚ мәліметінше, тексеру барысында жасанды ұшу-қону жолағы, оның ішінде жасанды жабынның бұзылуы, жиектердің сынығы, жарықтардың, бетон плиталарының қабыршақтануының, шығып тұрған арматурасы бар учаскелердің болуы секілді ақаулар анықталды.

Ақтөбе әуежайының өкілдері барлық ескерту жойылатынын мәлімдеді.