Ақтауда бір жыл бойы пәтерде өлі жатқан әйел табылды

4 ықшамауданы 20 үйдегі пәтердердің бірінен әйел өлі табылды. Мәйіт үйде бір жыл бойы жатқан.

Әйелдің көршісі оның көптен бері көрінбей кеткенін байқаған, сонымен қатар пәтерде төленбеген шот көбейген.

Жел болған кезде иіс сездім, бірақ жертөледен келіп жатқан иіс деп ойладым. Содан кейін ол Covid-19 кезінде қайтыс болуы мүмкін ғой деген ой келді. Оның Ақтауда туыстары жоқ, себебі ешкім оны іздеп келмеді. Мұндай жағдайды БАҚ-тан оқығанмын. Оның пәтерге келетін төлемдерді соңғы рет былтыр наурызда төлегенін білдім. Полиция пәтер есігін ашты, ал ол төсектің үстінде жатыр. Денесі бір жылда шіріп кеткен. Туыстарын әлеуметтік желі арқылы таптық, бүгін жерленді, — деді үй тұрғыны.

Облыстық полиция департаменті мәйіттің табылғаны туралы хабар биыл 15 сәуірде түскенін хабарлады.

Зорлық-зомбылық белгілері жоқ әйелдің мәйіті табылды. Шақыруға жедел-тергеу тобы шықты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, — деді олар.