Алматы полициясы есірткіні жарнамалайтын 450 сайтты бұғаттады

Есірткі қылмысына қарсы күрес саласында полиция департаментінің жедел жұмысы жүргізіліп жатыр. Біз синтетикалық есірткілерді шығаратын үш есірткі зертханасын жойдық. Интернет-ресурстар арқылы синтетикалық мефедрон есірткі затын дайындау және сатумен айналысқан есірткі бизнесі саласындағы екі ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетінің жолы кесілді. Биылғы жылдың басынан бері тағы бір есірткі зертханасын анықтадық, онда 150 миллион теңгенің есірткі шикізаты тәркіленді, – деді Қанат Таймерденов халық алдындағы есеп беру кездесуінде.

Еріктілер мен белсенді азаматтардың арқасында есірткінің таралуы туралы ақпарат бар бес мың граффити-жазбалар боялды. Есірткі сататын 450 интернет-сайт бұғатталды.

Сонымен қатар, қаланың оқу орындарында да есірткіге қарсы тақырыптар бойынша 260 профилактикалық іс-шара жүргізілді. Осы жылы да бұл бағыттағы барлық іс-шаралар жалғасын табады және ерекше бақылауда болады, – деді Қанат Таймерденов.