Ирандықтар қазақ жеріне егін егуі мүмкін

Кездесу барысында Шиелі ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев шетелдік делегацияға аймақта егін және мал шаруашылығын өрістетуге болатын 4 жер учаскесін ұсына алатындығын мәлім етті.

«Жалпы көлемі 10 мың гектардан астам құнарлы жер бөлігі аталған шаруашылықтарды дамытуға аса қолайлы және де келісімге келген жағдайда жергілікті атқарушы орган тарапынан қолдан келгенше алғашқы көмек те беріледі», — деді аудан әкімі.

Алиреза Юнеси бұл құрамда мемлекеттік және жеке сектор өкілдерінің бар екендігін айтты. Ол делегация басшысы, Мазендеран провинциясы губернаторының саяси, қауіпсіздік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары. Сондай Юнеси 75 млн халқы бар Иран Ислам Республикасының Қазақстанмен қарым-қатынасы кеше-бүгіннен емес, бұрыннан қалыптасқан дәстүр екендігін атап көрсетті.

Ал Мазендеран провинциясы ауыл шаруашылығы дақылдарымен қатар, құс және мал еті өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған аймақ екендігін еске салып, бұл салада айтарлықтай табыстарға жетіп жүргендігін айтты. Сондықтан аудан әкіміне нақты ұсыныспен шығып, оны арнайы мамандардың қатысуымен талқылау қажеттігін ортаға салды.

ДереккөзInform.kz