Қорғаныс министрлігі әскери парад не үшін өтпейтінін түсіндірді

2022 жылы Қазақстанда бюджет қаражатын үнемдеуге және басқа да міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты әскери парад өткізу жоспарланып отырған жоқ, — делінген хабарламада.

Министрлік Қазақстан қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін қолдауға, мемлекеттік және әскери нысандарды күзету мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды орындауға басымдық беріп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай әскери парад өтпейтіні хабарланды. Бірақ өңірлерде әскери-патриоттық іс-шаралар жоспарланған. Барлығы 50-ге жуық шара өтеді.