Биыл Жеңіс күніне арналған әскери парад болмайды

2022 жылы Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парадты өткізу жоспарда жоқ, — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, мерекеге орай әскери-патриоттық іс-шаралар өткізу көзделіп отыр. Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің ардагерлерін құрметтеу жөніндегі жиындар да бар.

Қорғаныс министрлігімен еліміздің барлық өңірінде өткізілетін 50-ге жуық түрлі шара жоспарланған, — делінген хабарламада.