Президент телерадиокешені Алпамыс Шәрімовті кеңесші етті

Мұны телерадиокешеннің Telegram-каналы хабарлады.

Алпамыс Шәрімов — телевизия және кино продюсері. «Қазақ радиосында», «Қазақстан» арнасында жүргізуші болып жұмыс істеді.

Қазақстандық және халықаралық тележобаларды ұйымдастыруға қатысқан. Global Gift Foundation халықаралық қайырымдылық қорының мүшесі.

Еске салайық, мұның алдында Нұрлан Қоянбаевтың президент телерадиокешенінің креатив директоры болып тағайындалғанын хабарлаған едік.