Нұрлан Қоянбаев президент телерадиокешенінің креатив директоры болды

Мұны телерадиокешінің Telegram-дағы каналы хабарлады.

Қазақстандық кино және телевизия продюсері Нұрлан Қоянбаев ҚР президенті телерадиокешенінің креатив директоры қызметіне тағайындалды, — делінген хабарламада.

Нұрлан Қоянбаев бұған дейін «Қазақстан» ұлттық телеарнасының бас продюсері болған. Республикалық телеарналардағы танымал жобаларды ұйымдастыруға қатысқан.

2021 жылы ҚР президентінің жарлығымен «Шапағат»медалімен марапатталды.